Информатика пән мұғалімдері форумы

Информация о пользователе

Привет, Гость! Войдите или зарегистрируйтесь.


Вы здесь » Информатика пән мұғалімдері форумы » Ашық сабақтар » Сабақ жоспары «WordPad» мәтіндік редакторы


Сабақ жоспары «WordPad» мәтіндік редакторы

Сообщений 1 страница 4 из 4

1

Сабақ жоспары «WordPad» мәтіндік редакторы

Сабақтың тақырыбы:  «WordPad» мәтіндік редакторы

Сабақтың мақсаты: 

а)  «WordPad» мәтіндік бағдарламасымен таныстыру. Құжаттың құрылымы, стилі, баспа бетінің геометриясы туралы түсінік беру. «WordPad» мәтіндік бағдарламасының терезе элементтері туралы түсінік беру: меню, пішімдеу мен құрал-саймандар тақтасы, сызғыш.

ә)  компьютермен жұмыс істеу іскерлігін дамыту;

б)  оқушыларды таза, қатесіз жазуға тәрбиелеу

Сабақтың түрі:              білім, іскерлік пен дағдыны жетілдіру сабағы.

Сабақтың типі:              жаңа сабақ

Сабақтың

пәнаралық байланысы:  қазақ тілі

Сабақтың көрнекілігі:     «Венн диаграммасы»,  дидактикалық плакаттар,

                                                                 тест тапсырмалары.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру.

Сәлеметсіздерме, отырыңыздар. Кім кезекші.

II. Өткен тақырыптарды қайталау.

Қайталау сұрақтары.

1.        «Paint» қандай редактор?

2.        Редакторды ашу жолдары.

3.        Терезе элементтерін атау.

4.        Сурет салу кезеңдері.

5.        Суретті сақтау және ашу.

6.        «Paint» редакторының қосымша мүмкіндіктері.

Бекіту мақсатындағы тапсырмалар.

1.        Оқушыларға сәйкестендіру тесті беріледі. Мұнда  «Paint» терезесіндегі құрал саймандар қатарының батырмаларын атқаратын  қызметіне қарай сәйкестендіру керек.

Оқушылар тапсырманы орындап болған соң тест жинап алып, кілт бойынша жауаптары тексеріліп, қорытындыланды.

2.        «Топтастыру». Мұнда оқушылар компьютердің барлық мүмкіндіктерінің ішіндегі «Paint» редакторының  мүмкіндігін бөліп алады.

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру.

Қазіргі кезде дербес компьютерлерді құжаттар мен мәтінді дайындауда кеңінен пайдаланылады. Компьютерлер тек баспа машинасының қызметін атқарып қана қоймай, құжаттарды дайындау процесінде көптеген қосымша мүмкіндіктер береді.

Біріншіден, компьютердегі мәтінді түзетуге, мәтін үзінділерін қосуға, мәтін арасына жаңа жолдар қосуға, әр түрлі құжаттарды бірін-біріне қосуға, мәтіннің шекараларын тегістеуге, жолдарды экранның ортасына келтіруге, құжатты сақтап, баспаға қанша дана болса да шығаруға болады.

Екіншіден, әр түрлі қаріптерді, түрлі тілдердің алфавиттерін, сондай-ақ графикалық символдарды пайдалануға болады.

Үшіншіден, мәтін арасына кестелерді, суреттерді, графиктерді кірістіруге, сонымен қатар мәтіннің өзін түрлі пішінде орналастыруға балады.

Төртіншіден, қағазға жазылған мәтіндерді, құжаттарды сканер арқылы өткізіп, тану бағдарламасының көмегімен мәтіндік пішімге келтіруге болады.

Бесіншіден, стандартты құжаттарды шығарғанда дайын үлгілерді пайдалануға болады.

Алтыншыдан, мәтіндерді дискілерге қысып жазып қоюға да болады.

Бұл айтылғандарды жүзеге асыру үшін, «WordPad» мәтіндік редакторы қолданылады.

WordPad мәтіндік редакторы қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді. WordPad құжаттарында мәтін мен абзацты пішімдеуге, шекараларды жылжытуға, шегініс орнатуға, әр түрлі қаріпті қолдануға, сонымен қатар графикалық кескіндерді, дыбыс үзінділері мен бейнеклиптерді қоюға болады.

«WordPad» мәтіндік редакторын іске қосу үшін, мынадай әрекеттерді орындау керек:

Пуск – Программы – Стандартные – WordPad

Редакторды іске қосқаннан кейін экранға «WordPad» мәтіндік редакторының терезесі шығады. (тақтада ілінген WordPad терезесін көрсету). Терезе мынадай элементтерден тұрады: тақырып жолы, меню жолы, құрал-саймандар тақтасы, пішімдеу тақтасы, сызғыш және терезенің жұмыс аймағы. Терезенің көп бөлігін бос кеңістік жұмыс аймағы алады, оған мәтін енгізіледі.

Терезенің тақырып жолында құжат аты және WordPad бағдарламасының аты көрінеді.

Құрал-саймандар тақтасында жиі пайдаланылатын командаларды шақыру батырмалары бар. Терезеде орналасқан екінші тақта – бұл Пішімдеу тақтасы. Бұл тақтада да мітңндң пішімдеу командаларына тез қатынау батырмалары орналасқан.

WordPad бағдарламасында екі мензер болады: кірістіру нүктесі және І-меңзері.

Кірістіру нүктесі - өшіп-жанып тұратын тік сызықша. Ол мәтінді енгізгенде символдың қай жерде пайда болатынын көрсетеді.

І-меңзер – терезенің жұмыс аймағында маус нұсқағышы латынның        І әрпінің түрінде болады.

ІҮ. Бекіту.

Оқушыларға «Венн диаграммасы» ұсынылады.

Оқушылар «WordPad» және «Paint» редакторларын салыстыра отырып, ерекшеліктері мен ұқсастықтарын жазады.

Ү. Бағалау.  Сабаққа белсене қатынасқан оқушылар, тестке жақсы жауап берген оқушылар бағаланады.

ҮІ. Үйге тапсырма.  «WordPad» мәтіндік редакторын оқу.

Бұл материал http://aidaros80.hoter.ru парағынан алынды.

0

2

Сабақтың тақырыбы:                Блокнот бағдарламасы. 
                                          Калькулятормен  жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың Блокнот бағдарламасы. Калькулятормен жұмыс істеу туралы түсініктерін қалыптастыру, Блокнот бағдарламасының негізгі мүмкіндіктері туралы айту және калькулытормен жұмыс істеу тәсілімен білімдерін толықтыру.
2. Дамытушылық: Оқушылар өздігінен жұмыс істеп, қызығушылығын, белсенділігін арттыру, өз ойын топ алдында ашық айта білу.
3. Тәрбиелік: Тәртіпті сақтау ісін тәрбиелеу. Тыңдау және тыныш отыру ісін тәрбиелеу. Информатика пәніне деген оң қөзқарас пен қызығушылығын тәрбиелеу.
Өткізу  тәсілі: «Көңілді балық аулау» ойының ұйымдастыру
Сабақ типі:     аралас
Көрнекілігі:    Компьютерлер, электронды оқулық, карточкалар, кроссворд, дискета, «қиялдағы көл», қармақ, тақта, блокнот, калькулятор
Сабақ жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі (1-2 мин)
2. Үй тапсырмасын қайталау (7 мин)
 Ойын шарты, екі командаға бөлу
 Командаға ат қою, кім бастайтынын анықтау
 Алғашқы «Дағдылану» конкурсы
 Екінші «Балық ұстау» конкурсы
 Бірінші мен екінші конкурстар қорытындысын шығару
 Дене шынықтыру минуттар (физкультминутка)
3. Жаңа сабақ (10 минут)
 Сабақты түсіндіру, электронды оқулық тыңдау
 Оқушылардың сабақты түсінгені туралы мағлұмат алу (сұрақ- жауап)
4. Практикалық бөлім (15 минут)
 Мақсатты түсіндіру
 Үшінші конкурс «Кроссвордты шешу»
 Төртінші конкурс «Кім жылдам»
 Бесінші конкурс «Блиц-сұрау»
 Алтыншы конкурс «Кім ізденімпаз»
5. Сабақтың жалпы қорытындысын жасау
6. Үйге тапсырма § 6,1; 6,2
7. Оқушыларды бағалау
1. Ұйымдастыру кезеңі

Қоңырау соғылды. Мен дайындықтарыңды күтіп отырмын. Сәлеметсіңдер ме? Отырыңдар. Балалар, сендер  «WordPad» мәтіндік редакторы тақырыптарын өттіңдер. Осы тақырыпты қаншалықты меңгергенімізді пысықтап шығайық.
8. Үй тапсырмасын қайталау (7 мин)
 Ойын шарты екі командаға бөлу, команда капитандарын тағайындау.
Ойын шарты:
Қайталауды басқаша өткіземіз. Біз «Көңілді балық аулау» ойының бастаймыз. Ол үшін екі командаға бөлініп, команда капитандарын сайлаймыз.  (Оқушылар парталарға бөлініп отырады).
Ойын конкурстардан тұрады. Әрбір конкурс үшін команда белгіленген ұпайлар санын алады. Бір ұпай (балл) үшін қағаздан қиылған бір балық беріледі.
 Командалар атын тағайындау және ойынды бастайтын топ басшысын сайлау. («Шортан», «Жайын»)

Алғашқы «Дағдылану» разминка конкурсы
Тақтаға плакат ілінеді онда әртүрлі балықтар санын «WordPad» мәтіндік редакторының терезе элементтері бейнеленген. Балықтар санын, экрандағы элементтер атауларын атап шығу.

Екінші «Балық ұстау» конкурсы
Бұл конкурста балық ұстау керек, бірақ мұндағы балықтардың ерекшелігі бар. Әрбір балықтың өз нөмірі бар яғни балықта қойылатын сұрақ нөмірі болады.  Ал сендердің жұмыстарың - сол сұрақтарға  дұрыс жауап беру.
Дұрыс жауап – 2 ұпай. Егер жауап жоқ болса немесе қате кетсе, онда команда мүшелерінің біреуі жауап береді де, мұндай жауапқа бір ұпай ғана беріледі. (балалар, «көлге бір – бірлеп келеді де, қармағын салып, бір балық ұстап, оның жазылған сұрағына жауап береді. Көл мен қармақ құрылымы кез – келген түрде жасала береді. Сабы бар ұзын жіптің ұшындағы қармақ орнына магнит байлап, әрбір балық суретін қыстырғышпен қысып қою керек, ол магнитке жақсы жабысады» сонымен сұрақтарды былай құрдым:
1. WordPad мәтіндік редакторын қалай іске қосуға болады? (Жауабы «Іске қосу- бағдарламалар-стандартты- WordPad)
2. Мәтіндік редакторды қалай жабу керек? (Файл – шығу)
3. Қате терілген сөзді қалай алып тастауға болады?
4. Жаңа құжатты қалай ашуға болады?
5. Құжатты қалай сақтауға болады?
6. Бас әріпті шығару үшін...
7. Азат жолды шығару үшін...
8. Мәтінді курсивный жазу үшін іс - әрекетін...
9. Стандартты құрал – саймандарды ата...
10. Пішімдеу құрал – саймандарды ата

Бірінші және екінші конкурстар бойынша қорытындысын шығару
Ал енді сендер «балықтарыңды санап, екі конкурс бойынша озаттарды анықтайық. Ал нәтижелерін тақтадағы турнирлік кестеге жазып қояйық.

Денешынықтыру минуттары. Физкульминутка
Сендер шаршаған шығарсыңдар. Енді аздап деп алып, кім түсініктерді ойында тыңғылықты сақтай алатынын тексерейік. Бұл ойын «3, 13, 33» деп аталады. 3 дегенде қолды созамыз, 1 десе қолды екі жаққа, ал 33 десе қолды жоғары көтеруіміз керек. Мұны дұрыс орындамаған немесе қолын ауыстырып алғандар ойыннан шығады.
Жаңа сабақ.
Жаңа сабақты бастамас бұрын «Блокнотты» көрсетіп оқушылардан не үшін керек екенін сұраймын, содан ары жалғастырып өздеріне түсіндіртемін.
1. Блокнот не үшін керек?
2. Оған не жазамыз? Т.б. сұрақтар қойылады.
Содан кейін іске қосу тәсілін айтып өтемін. Балалар, блокнотты не үшін пайдаланатынымызды білеміз, енді сол блокнот бағдарламасы бізде компьютерде бар. Оны іске қосу үшін

ПУСК          ПРОГРАММЫ          СТАНДАРТНЫЕ        БЛОКНОТ

Терезе элементтерін өздеріне жаздырамын. Оқушылар компьютерден бір – біріне ақпарат тарату арқылы өздері дәптерге жазады.
Мүмкіндіктерін де өздері ойлау қабілеттерімен жазады. Содан кейін оқиды.
«Калькулятор»  бағдарламасымен жұмыс істеу. «Калькуляторды көрсетіп сол арқылы қандай есептерді шығаруға болатынын айтып өтемін.
Іске қосу тәсілі
ПУСК – ПРОГРАММЫ – СТАНДАРТНЫЕ -  КАЛЬКУЛЯТОР   
Осыдан кейін команданы топ бойынша жарыстырамын.

Практикалық бөлім

 Мақсатты түсіндіру
 Үшінші конкурс «Кроссвордты шешу»
Оқушыларға үй тапсырмасы ретінде «Кроссвордты шешу» берілген болған соларды өздеріне толтыртамын
 Төртінші конкурс «Кім жылдам» осында блокнот  бағдарламасы бойынша берілетін карточкалармен компьютерде жұмыс, 1 – топ блокнот болса, 2 – топ калькулятормен жұмыс істейді одан кейін ауысып керісінше жұмыс істейді. Жасалынған жұмыстары бойынша оқушылар  бағаланып отырылады. өздерінің дискеттеріне сақтап отырады.
 Бесінші конкурс «Блиц - сұрау» осында топ басшылары сұрақтарға жауап береді. Осында жалпы компьютерде өткен тақырыптар бойынша сұрақтар келеді.
 Алтыншы  «Техникалық диктант» оқушылар диктант жазылған дайын карточкалар бойынша тиісті   нүктенін орнына мәтінді жазып шығады.

5. Сабақтың жалпы қорытындысын жасау. Венн диаграмма бойынша оқушылар өздері сабақты қорытындылап шығады.

І – топ
ІІ – топ.
6.   Үйге тапсырма § 6,1; 6,2
7. Оқушыларды бағалау

Арасында суреттери болган кірістірілмей қалыпты өшіріп тастадым

0

3

Paint графикалық редакторының құралдары .                                           
Өтеген Ербол Өтегенұлы Информатика пәнінің мұғалімі
Алматы облысы Ақсу ауданы
Кеңжыра орта мектебі

Сабақтың тақырыбы : Тiк сызықтар, шаршылар , тiкбұрыштар және дөңгеленген тiктөртбұрыштарды салу.Эллипс пен шеңбер салу Қисық сызықтар және көпбұрыш салу . Қою құралын қолдану . Редакторда практикалық жұмыс . 2 сағат
Сабақтың түрi : Әр түрлi  деңгейде саралап оқыту - шығармашылық сабағы .
Сабақтың мақсаты :
• Бiлiмдiлiгi : Paint графикалық редакторының құрал –саймандарымен танысу , оқып бiлу .
• Дамытушылығы : Paint графикалық редакторының  құрал саймандарымен жұмыс iстеу.
• Тәрбиелiлiгi : Paint  графикалық мүнкiндiктерiн – күнделiктi өмiрде, болашақта бiр маман иесi болғанда  қолдану .
Сабақтың типi : бiлiм мен бiлiктi практикада қолдана бiлу сабағы .
Сабақтың көрнекiлiгi : Paint графикалық редакторының  терезесi, деңгейлiк тапсырмалар ,7 сынып кiтабы , 7-сынып жұмыс кiтабы, компьютерлiк суреттер , түрлi-түстi бағалау қағаздары .
Сабақтың барысы :
• Ұйымдастыру кезеңi .
• Үй жұмысын тексеру .
• Оқушылардың бiлiм мен бiлiктiлiгiн тексеру .                           (өткен сабақтарды қайталау)
• Қорытындылау ,бекiту .
• Үйге тапсырма .
 Ұйымдастыру кезеңi . Оқушыларға  сабақтың мақсатын түсiндiре отырып , деңгейлiк тапсырмалармен таныстыру .
 Үй жұмысын тексеру : теориялық бөлiмi .
1. Paint графикалық редакторының терезесiн қалай ашамыз ?
2. Paint графикалық редакторының терезесiнiң бөлiктерi .
3. Paint графикалық редакторының мақсатын ата.
4. Құрал - саймандар тақтасындағы құралдарды ата .
5. Салынған суреттердi  қалай боямыз .
6. Диск 3.5 суреттердi сақтау. Жұмыс алаңына  сақтау .
7. Жұмыс дәптерi кiтабынан : 4.1.2 және 4.1.4.тапсырмаларын тексеру .
8. Деңгейлiк тапсырмалар беру .
 I-деңгей : Барлық сынып оқушыларына : Компьютерден түзу сызық , төртбұрыш , шаршы , дөңгеленген тiк төртбұрыш , эллипс пен шеңбер салу  түрлеу . 5-10 минут
 II- деңгей : Теориялық бiлiмiн бағалау . 5-10 минут
 III- деңгей : Құрал-саймандар тақтасын пайдаланып , қалаған суретiңдi сал. 15-20 минут . Шығармашылық жұмыс . Жұмысыңды таныстыр.
   Диск3. 5  сақтау .  Жұмыс алаңына сақтау .
 Әр оқушының деңгейлiк тапсырмаларын қара –“2”, сары-“3”, көк-“4”, қызыл-“5” деген бағаларды белгiлейтiн қағаздар арқылы , жауап барысында таратып , ең соңында I-II-III деңгейлерге қорытынды баға қою ,бағалау . 5 минут.
Мысалы :
№ Оқушы ның аты –жөнi . I-деңгей
Стандарытталған мiндеттi деңгей .
Тек”2”,”3” баға. II-деңгей
Қолданбалы деңгей .Тек “2”, “3”,”4”
баға. III-деңгей
Шығарма-шылық деңгей   Тек”4”,”5” баға Қорытынды баға . Журналға қойылады .
1 Абдуллина А 3 4 5 5
2 Әлiбеков Ә 3 3 4 4
3 Садиев Е 2 3 - 3
4 Увалиев А 3 4 - 4

 Алған бiлiмдi бекiту, қабылдау тиянақтау .   
 Үйге тапсырма беру : (деңгейлiк тапсырмалар беру) кiтаптан 115-120 беттердi оқу . Кiмнiң үйiнде компьютерлерi бар шығармашылық суреттер және жұмыс кiтабынан 4.2.11, 4.2.12  салып келу . Теориялық тапсырма 4.2.18 жұмыс кiтабынан.
Педагогика ғылымының докторы , профессор Ж. Қараевтың “Әр түрлi деңгейде саралап оқыту технологиясы “ бойынша тапсырмалар алдын-ала жазылып берiлмесе  бағалауды 5-ұпаймен , осындай оңай әдiс- тәсiлдердi сабақ барысында пайдаланып,бағалауға болады .

Отредактировано хаккер (2009-11-10 10:56:05)

0

4

Сабактарды калай косуга болады

0


Вы здесь » Информатика пән мұғалімдері форумы » Ашық сабақтар » Сабақ жоспары «WordPad» мәтіндік редакторы